Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар Ұлттық кітапханада (ФОТО)

06.10.2015 3487 0 пікір

Ислам институтында қызмет ететін ұстаздар мен білімін жетілдіруші имамдар Ұлттық кітапханада атадан балаға мирас болып келе жатқан  сирек кездесетін  кітаптар және қолжазбалар  мен  танысты. Бұл аталған қорда қазақ, орыс, европа тілдеріндегі жазба жәдігерліктер бар. Қор 30 мыңнан астам құжаттан тұрады. Оның ішінде 1000-нан астам қолжазбалар  қазақ, орыс, шығыс тілдерінде қазақ кітаптарының топтамасы. Қорда  сақталған  қолжазбалардың  ішінде  куфа  жазуымен  жазылған «Құран» (ХІІ ғасыр.), Фирдоусидің шағатай тіліндегі «Шахнамесі» (1721-1723жж.), ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Халықаралық тізіміне енгізілген Қ.А.Яссауи мен С.Бақырғанидың жазба мұралары аса құнды деп есептеледі.

Осы көрмеге байланысты құрылған дөңгелек үстелде институт директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы сөз алып, бұл  еңбектер ата-бабаларымыздың Ислам дінін берік ұстанғандығының айқын көрінісі екендігін айта келе, көрмені ұйымдастырушыларға институт атынан ризашылығын білдірді. Десек те, көне діни еңбектермен танысып шыққан білімін жетілдіруші имамдарымыз рухани қуат алып, қызметтеріне деген ынта-ықыластарын жаңартқандай болды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру