1-қазан қарттар күні мерекесі қарсаңында қаламызда түрлі іс-шаралар ұйымдастарылып, қаттарға ерекше көңіл бөлінуде. Іс-шараның бірі Алматы Орталық мешітінде ұйымдастырылды. Өкіл имам «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңсесі» қайрымдылық қоғамдық қорына қарасты ардагерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтап үйлеріне барып, жағдайларын біліп қайтты. Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы ардагерлерді өткен Құрбан айт мерекесімен құттықтап арнайы сыйлықтармен қоса киім кешек, құрбандық еті және бір айлық азық-түлік табыс етті.
Өмірдің қиын ауыртпалықтарын көрген ардагерлер көздеріне жас алып, бейбітшіліктен асқан байлықтың жоқ екендігін айтып, ел іргесінің аман болуын Алладан алақан жайып сұрады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.10.2015
3777
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру