Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен, қаламыздағы мешіттердің Бас имамдарына арналған 20 күндік семинар басталды.
Семинардың ашылуына арнайы келген ҚМДБ шариғат, пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы бұл шараның имамдарға тигізер пайдасының мол екендігін айтты. Бас имам Нұрбек қажы Әуесханұлы өз сөзінде: «Мештіке келушілердің басым бөлігі жастар болғандықтан, бұл семинарда имамдарымыз оларды жат ағым жетегінен арашалау жолдары мен олардың алдын алу барысын талқыға салатын болады», - деді.
Алдағы 20 күн бойы имамдарымыз қасиетті Құраннан жаттаған сүрелерін қайталап, фиқһ негіздері мен қағидаларынан сабақтар алатын болады. Шара соңында имамдарымызға арнайы сертификаттар табыс етіледі.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.10.2015
3346
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру