«Нұр-Мүбарак университетіне әзірге ешқандай балама жоқ. Өйткені бұл мысыр ғалымдары үшін исламның жаңа келбетімен таныстыратын білім шаңырағы болса, қазақ елі үшін ислам дінінің жаңа белестеріне апаратын алтын көпір!». Бұл Мысыр елінен жаңа келген ислам ғалымдарына Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін қысқаша таныстыру сөздері еді.
Университет ректоры доктор, профессор Жуда Абулғани Басюни биылғы жаңадан келген отандастарына ислам іліміне шөліркеген қазақ даласындағы маңызды міндеттеріне ерекше тоқталып, қос тараптан құралған ұжымды өзара таныстырды. Өткен жылы 14 профессор-докторлар келсе, биыл олардың қатары 18-ге жетпек. Себебі биыл Нұр-Мүбарак университетіне түскен студенттер, магистранттар қатары едәуір артқан. Сондықтан мысырлық ғалымдарға артылар міндетпен қатар үміт те жоғары.
«Қазақстанға хош келдіңіздер»,-деп ғалымдарға қазақы қонақжайлықтың әлқиссасын бастаған проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза екі елден жиылған дін жолындағы ынталылар ұжымына өткен жылғы жетістіктер жайлы қысқаша таныстырып өтті. Сөз соңында ұстаздар қауымын өткен төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
Нұр-Мүбарак университеті ЕАР мен ҚР арасында құрылған ислами білім шаңырағы ғана емес, мұнда гуманиталық бағытта да мамандықтар дайындалады. Сондықтан Мысыр елінің ғалымдары арасында Құран, фиқһ, ақида яғни шариғат әлемі ғана емес, араб филологиясы, араб әдебиеті саласынан да білікті ғалымдар іріктеуден өтіп, белгілі бір мерзімге арнайы жолдамамен келеді.
Айша Кеңесбай
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.10.2015
3552
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру