Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сарыарқа ауылында жаңа мешіт ашылды

05.10.2015 4237 0 пікір

Қасиетті жұма күні Аягөз ауданына қарасты Сарыарқа елді мекенінде жаңа мешіттің лентасы қиылып, ашылу салтанаты өтті.

Осы үлкен қуанышқа Семей аймағы өңірінің өкіл имамы тарапынан «Шәкәрім қажы» мешітінің имамы Серікқали қажы өкіл имамның сәлемін жеткізді.

Мешітті Мустафин атты азамат бастап, ауыл әкімі, ауыл халқы кәсіпкер азаматтар қолдауымен салынды. Серікқали имам өз сөзінде: «Алла үйі мешіт әдемілігімен емес, жамағатымен көрікті» - екендігін айтып, қасиетті Құранды мешітке сыйға тартты.

Мешіт ашылуына арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, Қазбек Байжұмаұлы арнау орындап, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайының әртістері өнерлерін көрсетті.

Ауылдың ақсақалдары мешіт ашылуына қуаныштарын білдіріп, ақ баталарын берді. Ауылдағы мейрамханада ас беріліп, аудан имамы Думан Нәдірұлы уағыз – насихат айтып, дүниеден өткендерге Құран бағыштады.

 

Аягөз қалалық мешітінің

баспасөз қызмет. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру