Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қариялар ел-қазынасы

05.10.2015 3685 0 пікір

Облыстық қазақ  драма театрында   "Қариялар ел-қазынасы" атты  қайырымдылық шарасы болып өтті.

Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтанов, Ұлы Отан соғысы мен тың ардагерлері, ұлағатты ұстаздар, елі үшін аянбай еңбек еткен ата-әжелер, ел ағалары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы сөз алып, жиналған қауымды "Қариялар " күнімен құттықтап, жас ұрпақтың болашағы үшін аянбай етіп, нұрлы өмірді сыйладыңыздар,-деп жүрекжарды тілегін жеткізді.

Өнер жұлдыздары әннен шашу шашып, балғын жүрек сәбилер  жүректен шыққан жырларын оқыды.

Жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ақсақалды аталар мен ақжаулықты әжелер ақ баталарын  берді.

 Нұрлан ҚАБЫКЕШ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру