ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес қайырымдылық шараларын жүйелі жүргізіп келеді.
Қайырымдылық жасау – Алла тағаланың разылығына бөлейтін амал. Жәрдемге мұқтаж жандарға керек кезінде қол созу сауапты іс.
Қайырымдылыққа қатысты іс-шаралар жоспарынан бөлек, қасиетті Құрбан айтта да орталық мешіт тарапынан 300-ге жуық отбасына қол ұшын созып, көмектер көрсетілді. Нақтырақ айтар болсақ, оларға тұрмысқа қажетті қажеттіліктер мен азық-түліктер таратылды.
Көмекті алған тұрғындар Қызылорда қаласының тұрмысы төмен отбасы және аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелері болып табылады. Мешіт қызметкерлері мешітке көмек сұрап келген әрбір тұрғынды жеке қабылдап, арнайы тізімге енгізіп, олардың тұрмыс жағдайына көз жеткізеді.
Өз кезегінде бұл азаматтар да мешіт ұжымына алғысын білдіріп, жақсы ниеттерін жеткізді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.10.2015
3318
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру