Сонымен қатар, өкіл имамдармен кездесулерінде мешіт ұжымының өзара қарым-қатынасын нығайтуды, отбасылық жағдайларына көңіл бөле жүруді де әрдайым қаперге салатын.
Құрбан айт мейрамын «Нұр Астана» орталық мешітінің ұжымы халықтық сипатта ерекше көңіл-күймен өткізді. Бұл еңбек ескерусіз қалмады. ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрбан мейрамынан кейін ұжымның ынтымағын онан әрі нығайта түсу мақсатында мерекелік демалыс ұйымдастырылды.
Сәрсенбінің сәтті күні Елорда іргесіндегі белгілі «Балқарағай» демалыс орнында өткізілді. Оған мешіт ұжымы түгелдей бала-шағаларымен қатысып, көтеріңкі көңіл-күйдің куәсі болды. Кәуап пісіріліп, дәмді тағамдар әзірленіп, ақ дастархан жайылды. Ұжымға тілегін білдірген наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Елдің қарашаңырағына айналған діни басқарманың төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет өмір жолында имамдық қызмет атқарған. Сол себепті, имамдардың ішкі-жан дүниесін жақсы түсінетін кісі. Сондықтан мешіт қызметкерлерінің материалдық әрі рухани жағдайының жақсы болуына жіті көңіл бөлуде. Бәріміз мұсылманбыз. Достық, мұсылманшылық, бір-бірімізге деген мейрім секілді аманатымыз бар. Мұны тілмен айтамыз, оны іспен асыруымыз керек. Міне, бүгінгі ұжымдық демалысымыз осының нақ нышаны», - деп атап өтті.
Спорттық шаралар ұжымның ынтымағын арттыра түсті. Атап айтқанда, ерлер футболы, әйел кісілер валейболы, веложарыстар, атқа міну т.б. ойын түрлері демалыстың көркін қыздырды. Балалар да асыр салып, емен-жарқын таза ауада тыныстады. Иә, құрбан айттан кейінгі қызыққа толы ұжымдық демалыс осындай сәттерімен есте қалды.












«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.10.2015
4079
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру