Діни сауаттылық - уақыт талабы. Талдықорғанда осындай тақырыппен аймақтық семинар өтті. Басқосуға Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласынан дінтанушылар, ішкі саясат басқармасының қызметкерлері қатысты. Өкіл имам Серікхан Рымханұлы бастаған жергілікті мешіт қызметкерлері де шараның бел ортасында болды.
Алқалы басқосу Тіл сарайында өтті. Жиналғандар мәселені төтесінен қойды. Осы күні аңқау елге арамза молда болатындар көп. Желкілдеген жасты жетегіне алып, жолдан адастыратын ағымдар жетерлік. Соның салдарынан қазақ арасынан өзін-өзі жарып жіберген жанкешті де, жат жерде қан төгіп жүрген жихадшылар да шықты. Бұған бүгін тосқауыл қоймасақ зардабын ертең тартамыз дейді мамандар.
Баяндама барысында: Жат ағымдардың жетегінде кеткендермен тыңғылықты жұмысты бір ізге қою, Дін істері агенттігі болып, дін өкілдері болып сол адаммен жекелей жұмыс жасау керек.
Іштен шыққан жау жаман. Жат ағымға шақырар миссионерлермен күресудің жолы жалғыз. Халықтың діни сауаттылығын көтеру керек. Ислам туралы білері бар, тұғыры берік азаматтар ешкімнің айтқанына көніп, айдауына жүрмейді. Айтақтауына үрмейді.
Халықтың діни сауаттылығын көтеру мәселесі айтылған жерінде қалмауы тиіс. Сөзден көрі іске кірісу керек дейді дінтанушылар.
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі taglym.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.10.2015
4018
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру