Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамағатты бір серпілткен дала лагері (ФОТО)

01.10.2015 3428 0 пікір

28-қыркүйек күні Атырау қаласына қарасты "Тұлпар" демалыс лагерінде "Салем Ihwan" атты жамағатқа арналған рухани-танымдық шара өткізілді. Аталмыш  шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Берденұлы және Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Керімбекұлының ұсынысымен "Жас Отан" жастар қанатының ұжымы ұйымдастырған болатын.  

Шараның негізгі мақсаты Құрбан айт мерекесі құрметіне, сонымен қатар мешіт жамағаттарының басын қосып, бірлігін нығайту, отанға деген потриоттық сезімді күшейту.


Алғаш сөз алған өкіл имам Б.Мансуров атаулы шараға барша жамағаттар мен мешіт имамдарын жұмылып атсалысуға, бір болуға шақырды.


Шара барысында қазақтың ұлттық ойындары, мәселен садақ ату, асық ойнау, шахмат ойыны, футбол, волейбол, викториналық сұрақтар қою сынды т.б. ойындар жүргізіліп, жамағат құлышылық-ғибадаттарын да орындады. Жиынға белгілі тарихшылар мен теологтар арнайы шақыртылып, жамағаттар көкейінде жүрген сауалдарға тұщымды жауаптарын алды.


Осы күннің екінші жартысында облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы қатысып, барша жамағаттармен кездесіп мемлекетіміздің құрылу тарихымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, жамағаттың сұранысы бойынша шара әлі де жалғасын табуға өз қолдауын білдіретінін айтты.


Ақшам намазынан кейін лагерь ауласында от жағылып, күй тартылып әркім өз өнерлерін ортаға салды. Жеңімпаздарға сертифакаттар беріліп, естелік сыйлықтар тарту етілді.

 

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру