Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан еті медресеге жөнелтілді

30.09.2015 3114 0 пікір

Мұсылман өмірінде ең бір сауапқа толы мейрам – Құрбан айт. Бұл айды барша адамзат жүрегімен күтеді. Бірі дастарханын жайып, бірі малын дайындап, Аллаға арнаған пейілін сол күнге жинақтайды. Ардақты (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың  «Құрбан айттың басты сипаты – қайырымдылықта» деген өсиеті бар.

Сондықтан, биылғы Құрбан айтта Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті қайырымдылық жағынан біршама тың бастамалар көтерді.

Мешіт ұжымы көрші Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне бірден хабарласып, «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы аясында жинақталған 2 – 3 тонна құрбан етті медресеге аттандырды.

Онда еліміздің түкпір – түкпірінен жиналған жас қазақ өрендері діни біліммен сусындауда.  Ал, білім кімге болса да парыз. Көмекті медресе өкілдері  қабылдап,  Шығыс Қазақстандықтарға Алланың ризалығын тіледі.  

 

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру