«С.Қожамқұлов» атындағы драма театрында Жезқазған аймақтық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің ұйытқы болуымен Құрбан айт мерекесіне орай «Құрбан айт құтты болсын» атты рухани кеш өтті.
Кеш барысында жиналған қауымға құрбанның шалынуы түсіндірілді. ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Смағұлов Мәди Тоқпанұлы құрбан айт жайында уағыз айтып, барша мұсылмандарды қасиетті мерекемен құттықтады. Одан кейін Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасының ашылу рәсімі өтті. Өкіл имам Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасының маңыздылығы жайында айтқан соң, мұсылманың тұлғалық бейнесі және тұғырнама кіташасы халыққа таратылды.
Кеш соңында «С.Қожамқұлов» театрының әртістері қазақ хандығының 550 жылдығына орай сахналық қойылым қойды.
Жезқазған аймақтық «Ахмет Ишан Оразайұлы»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.09.2015
2973
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру