Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар құрбан айт мерекесін тойлады

29.09.2015 3332 0 пікір

Ақтау қаласында орналасқан отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы тәрбиеленушілер Құрбан айт мерекесін тойлады. Маңғыстау облыстық орталық мешітінің жастар ісі жөніндегі бөлімі және Ақтау қалалық Жас Отан жастар қанатының ұйымдастыруыменен балалар үйінде "Құрбан айт қасиетті мереке" атты кеш өтті. Айт құрметіне орай өткізілген шарада өнерпаздар ән жырдан шашу шашып, бишілер мың бұралған билерімен балалардың көңілін көтерді.

Мерекелік шараның жалғасы түстен кейін жасөспірімдер арасында  өткен спорттық ойындарға ұласты. Балалар мәз мейрам болып, қуаныштан жүздер бал бұл жанды. Ұйымдастырушылар жарыс соңында шараға қатысқан балаларға арнайы сыйлықтар мен марапат қағаздарын табыс етті. Балалар үйінің тәрбиешілері бүгінгі көңілді күн үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да күтетіндерін айтты.

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру