ҚМДБ-ның ОҚО бойынша «Зекет қайырымдылық қоры» Құрбан айт мерекесінде де қарап қалаған жоқ. Зекет қайырымдылық қоры қасиетті мерекеде «Зекет қоры арқылы құрбан шалып, мұқтаж кісілерге көмек беруге асығайық!» атты акциясын өткізді.
Дәлірек айтар болсақ: 400-ден астам отбасыға, облыстық мүгедектер үйіне және ҚМДБ «Шымкент» медресесіне ет үйлестірілді. Зекет қорының ОҚО бойынша өкілдері Ө.Сапарқұлов және Н.Бимаханбетов «Құрбан айт» мерекесіне құрбандық шалу арқылы қайырымды да сауапты істерге өз үлестерін қосуға шақырып, құрбандық шалуға ниет білдіргендерге қажетті барлық жағдайларды ұсынды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілділігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.09.2015
3797
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру