Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Құрбан малына қосыл!» шарасы аяқталды

29.09.2015 3114 0 пікір

Құрбан айттың ең маңызды әрі сүйікті құлшылығы – құрбандық шалу. Міне осы құлшылыққа халықты құлшындыру мақсатында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен "Иманғали" орталық мешітінде «Құрбан малына қосыл!» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Онда бір кісіден жеті кісіге дейін бірігіп ірі қара сиырлар құрбандыққа шалынып, еттері арнайы пакеттеліп жиналды. Оған қала тұрғындары да шалған құрбан еттерін табыстап, сауапты іске үлестерін қосты.

Құрбан айттың екінші күні аталған қайырымдылық шара өткізіліп, оған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров қатысты. Өңірдің өкіл имамы Б.Берденұлы: «Құрбан айт күні Алланың мейіріміне бөлену үшін құрбандық шалудан артық құлшылық жоқ. Құрбандыққа шалынған малдың қаны жерге тамбай жатып, амалдар дәптеріне мол сауаптардың жазылары анық. Құрбан айт қарсаңында «Құрбан малына қосыл!» атты қайырымдылық шараны қолға алған болатынбыз. Қайырымдылыққа қолдау білдірген қала тұрғындарына шексіз алғысымыз бар. Шынында айт күні құрбан етін мұқтаж жанмен бөлісу – ең сауапты амал», - дей келе қайырымдылық еттерін мұқтаж жандарға өз қолымен табыстады.

Айта кетсек, қайырымдылық шара барысында 600 пакет құрбан еттері шаһардағы жаны жабырқаулы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестірілді. Құрбан айтта қолдау көрген мұқтаж жандар игі шараға ат салысқан мешіт ұжымына ризашылықтарын білдірді.

«Иманғали» мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру