Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Керімағашта Құрбан айт мейрамы аталып өтті

28.09.2015 3289 0 пікір

Қасиетті Құрбан айт  намазы Керімағаш ауылында таңғы сағат 07:45-те оқылды. Әдеттегідей ауылдың жеті жасар баласынан жетпістегі қариясы бастап, шипажайға келген демалушылар құрбан айт намазына қатысты. Сүлеймен мешітіне келген жамағатты Бас имам Дәулет Жеңісұлы мен Шипажайдың президенті Сүлеймен атамыз мұсылмандардың төл мерекесі – Құрбан айт күнімен құттықтап, ақ батасын берді.

Барша жұрт Алладан жақсылық тілеп, құрбандық шалуға, көршілермен ағайын-туысты зиярат етуге үйлеріне тарасты. Мереке соңы «Сүлеймен» мешітінің ұйымдастыруымен Керімағаш шипажайының кафесінде дастархан жайылып, рухани кеш пен қазақтың ұлттық ойындарына  ұласты. Мерекелік кеште Құран оқудан, қазақша бата беруден, көрініс қоюдан жарыстар болды. Әр ұлттан келген демалушыларғада діни сұрақтар қойылып, сыйлықтар берілді. Ең үлкен хадия сыйлығы Алматыдан келген Алпысбаев Әділхан ағамызға он күн шипажайға тегін жолдама берілді. Орыс ұлтынан Светлана Ивановна құрбан айт мейрамымен шын жүректен құтықтау сөзін айтты. Ересек балалар арасында асық атудан, қыздар арасында бес тас ойнаудан жарыстар өтті. 3-7 жас аралығындағы ұл-қыз балалар құран оқып, өлең тақпақтар айтып мерекелік  көңіл  күй  сыйлады. Құрбан айтқа ұйымдастырылған шараға қатысқандарға Керімағаш шипажайының басшысы Сүлеймен атамыздың тарапынан жүлделі  сый-сыйапаттар  табысталды.

Қасиетті  ұлық  мереке  соңы  ауыл ақсақалы Мұқан атаның  ақ  батасы  мен  көпшілік  қауымның  дұғасымен  аяқталды. Алла  келер  жылғы  Құрбан  айт  күндеріне  аман-есен  жетуімізді   баршамызға  нәсіп  етсін!

Керімағаш ауылы «Сүлеймен» мешітінің 

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру