Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ауылдағы Құрбан айт мерекесі (ФОТО)

28.09.2015 3653 0 пікір

Іле ауданы, Қоянқұс ауылы, «Абахалис Кәрімұлы» атындағы мешіт Құрбан айттың екінші күні 25.09.2015 ауыл балаларына мерекелік шара өткізді.

Игі шарада бүлдіршіндер батуттар, карусель, пони, ат күймесінде тегін ойнап, әр түрлі тәттілер мен ойыншықтарға, мерекелік сыйлықтарға ие болды.

Түрлі спорттық ойындар да өткізіліп, мұқтаж жандарға құрбандықтың еті де таратылды. Мерекелелік дастархан жайылып, жиналған жұртқа шаттық сыйлады.

Мерекелік шараға 200 дей бала ата-аналарымен қатысып, барлығы мешіт басшылығына ризашылығын білдірді. Бүлдіршіндер Құрбан айт мерекесінің қадір-қасиетін түсініп шат-шадыман мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

«Бұндай мерекелік шара Іле ауданы бойынша кең көлемде алғаш өткізілуде. Мақсатымыз – жас бүлдіршіндерге мұсылман мерекесін сезіндіру, түсіндіру. Шараға өзге дін өкілдерінің балалары да қатысып қуанып қалды. Шараның өткізілуіне ат салысқан, қаржылай демеушілік көрсеткен азаматтарға Алланың нұры жаусын!» - дейді мешіттің бас имамы Мустафа Мамедов 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру