Мұсылмандардың ұлық мерекесі құрбан айт өңірімізде ерекше қарқынмен аталып өтті. Жылдағы ислами үрдіс бойынша таң сәріден «Қызылжар» орталық мешітінен шыққан тәкпір үні еріксіз қала тұрғындарын өзіне тартты. Бұл айтулы мерекеге облыс әкімі Ерік Хамзаұлы арнайы келді. Намазға қатысып, Қызылжар жұртшылығын құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Айттың бірінші күні «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Исаев Қасымхан және мешіт ұстазы Әділбеков Хамзат Солтүстік Қазақстан облысының кәсіби-педогогикалық колледжіне барып, колледж студенттерін құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Бұл ұлық мерекеде мәдени спорттық іс шаралар өткізілді. Атап айтқанда қазақша күрес, гір көтеру, футбол, баскетбол, жылдамдыққа жүгіру, арқан тарту, жеңімпаздарға мешіт атынан сыйлықтар берілді. Жеңімпаздар: Қазақша күрестен- 1-ші Абрасулов Мерей, 2-ші Госманов Алібек, 3- ші орын Кусайнов Асан, футболдан 1- ші «Шын сити» командасы, 2- ші орын «оңтүстік» командасы , ең таңдаулы шабуылшы Даулетов Зейдолла, гир көтеруден- 1- ші Аманов Ерлан, 2-ші Өркембаев Бақытжан,3- ші орын Сеиітбек Бекарыс, баскетболдан – 1-ші « Бекарыс», 2- ші орын «Батыр», ең жақсы көрсеткіш көрсеткен Мавланов Мардан, арқан тартудан 1- ші «Звездочки» , 2- ші «Ақсу», жылдамдыққа жүгіруден 1- ші Рыдина Юлия, 2- ші Яковюк Мария, 3- ші орын Бунк Виктория. Еліміздің жастары айтулы мерекемізді тойлап жатқаны өте қуантарлық жайт. Жарыстың соңында дастархан жайылды. Мешіттен әкелінген ас пен шелпектен дәм татылып, уағыз насихат айтылды.
Ұлтаралық, дінаралық келісімнің нышаны ретінде мешітімізге өзге дін өкілдерінің басщылары арнайы келіп құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Бұл ұлық мерекеде «Жетім көрсең, жебей жүр» деп бабамыз айтқандай, жетім жесірлер сырт қалмады. Арнайы дастарханнан 200 шақты балалар дәм татып, имани уағыздар тыңдады.
Айттың үшінші күні «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінен 50 шақты адамға ас берілді.
Осындай игі шаралар өңіріміздің барлық аймақтарында ұйымдастырылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.09.2015
3245
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру