Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт құрметіне спорттық шара өтті (ФОТО)

28.09.2015 3224 0 пікір

ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялауы ұлық мерекені ұлттық құндылықтарымызбен байланыстыра насихаттау мерекенің кеңінен халықтық сипат алуына үлкен әсер берді. Семей қос мұнаралы орталық мешіт ауласында ұлттық спорт ойындарынан сайыстар ұйымдастырылды.

Қыркүйектің 25-шы жұлдызында қазақша күрестен, қошқар көтеру, қол күрес сынды спорт ойындарына жас спортшылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жиынға қатысқан жас спорт саңлақтарына, Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат «Құрбан айт құрметіне арнайы өткізіліп жатқан спорт сайысын ұйымдастырудағы негізгі міндетіміз жастардың ұлы мейрамға деген құрметімен сүйіспеншілігін ояту, асыл дініміздің адамның жанын-тәнін салауаттылыққа тәрбиелейтін өнегесін көрсету» - деді.

Пайғамбарымыз хадисінде: «Балаларыңды, суда жүзуге, садақ атуға, балуандық күрес өнеріне тәрбиелеңдер», – деген ұлағатты өсиеті бар.

Дүркіреп өткен бұл сайыстар да өз мәресіне жетті. Өкіл имам барша қатысушыларға құрметпен алғыс білдіріп, дүбірлі додада озып шыққан қатысушыларды марапаттады.

Жарыс соңынан мешіт жанындағы асханада құрбан айт дастархан жайылып ас берілді. Келесі Құрбан айт мерекесіне, отанымыз тыныш, бірлігіміз бекем болып, аман есен жетейік деп дұға жасалды. Кіл жүйріктер өз разылықтарын айтып, имани думаннан жақсы көңіл-күймен тарасты. 

 

Семей Қос мұнаралы орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру