ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде, дәстүрімізге сай ұлттық нақышта атап өтуді және де құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру туралы бекіткен болатын. Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Өскемен қалалық «Защита» мешітінде «Айттық бізден болсын!» атты қайырымдылық акциясы өтті. Мешіт ұжымының ұйымдастыруы және дінжанашырларының қолдауымен шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы 30 отбасына көмек көрсетілді. Атап айтар болсақ, 1 тонна ұн, 250 келі күріш, 150 келі құрбан еті, 150 келі қарақұмық жармасы (гречка) және де халқымыздың ұлттық тағамдарының бірі - бауырсақ т.б. тәтті тағамдар үлестірілді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осы шараға бір адамдай атсалысқан азаматтарға Алла разы болсын! Құрбан айт мүбарак, шалған құрбандарыңыз қабыл болсын ағайын!
Өскемен қалалық «Защита»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.09.2015
3727
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру