Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Музаммиль» мешітіндегі мереке (ФОТО)

27.09.2015 3238 0 пікір

Халқымыздың сан ғасырдан бергі саналы ғұмырында рухани тірек болған асыл дініміздегі айтулы мереке – Құрбан айт мейрамы айрықша аталып келеді. Осы жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы Айт мерекені ұлттық нақышта, бұқаралық сипатта өтуі басты назарға алынып, бұл күндері мұсылман қауымының ұлық мерекелері ұлттық ойындармен, халықтық жыр-шашулармен көмкерілуді тапсырды. Осыған орай «Музаммиль» мешітінде 27 қыркүйек күні көңілге қуаныш беретін Құрбан Айт мерекесі тойланды.

Айт мерекесіне арнайы дастарқан жайып, балаларға палау, самса, жеміс-жидек, әр-түрлі сұсындар таратылды. Дастарқан басында балаларға викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталды. Балалардың мерекесін көркейту үшін батут, әткеншек орналастырылды және де әр-түрлі хайуанаттардың киімін киген клоундар балалардың қуанышын арттырыды.

Жас өспірімдер арасында үш түрлі салмақтан 25кг – 32кг, 33кг – 38кг, 39кг – 45кг арасында  қазақша күрес жарысы өткізілді. Бұл күреске мерекеміздің арнайы қонақтары, Қазақ күресінен спорт шебері, 2015жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2014 жылғы ҚМДБ Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесіне өткен қазақ күресінің күміс жүлдегері Хамитов Жангелді, Ұлттық дәрежедегі төреші Ислямов Ринат төрешелік қылды.

Сондай-ақ, қыздар арасында секіртпеден секіру, жалпы жамағат арасында зіл тас (гір тас) көтеруден жарыстар өткізілді. Жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар тарту етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру