Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлық мерекедегі қазақтың ойындары (ФОТО)

26.09.2015 3441 0 пікір

Ұлық мерекенің құрметіне орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілінің ұйымдастыруымен Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова алыңында спорттық шара болып өтті.

Алдымен  спорттық шара қасиетті құран кәріммен басталды. Облыс имамы Руслан Сұлтанов  сөз алып, жиналған қауымды ұлық мерекемен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың ыстық сәлемін жолдап, ақ тілегін жеткізді.

Мәншүк Мәметова алаңында қазақтың киіз үйі тігіліп, сахнада әсем әндер мен имани жырлар шырқалып, күмбірлеген күйлер төгілді.

Келген қалың  жамағатқа  көже ұсынып, ақдастархан жайылды.

Ұлық мерекеде  қазақша күрестен,  арқан тартыстан, қол күрестен, өгіз тартыстан, асық атудан, тоғыз құмалақтан өзара сынға түсті.

Жеңімпаздарға ҚМДБ-ның өкілдігінің атынан диплом мен  бағалы  сыйлықтарды  табысталды.

"Құрбан" айтты жас ұрпақтың бойына ұялату мақсатында Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлының игі бастамасы жоғары деңгейде оздырылды.

 

Нұрлан ҚАБЫКЕШ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру