Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аягөз қаласындағы қасиетті Құрбан айт мерекесі (ФОТО)

25.09.2015 3254 0 пікір

Аягөз қалалық мешітінде биылғы Құрбан айт мерекесі ерекше бір жаңа қарқынмен қарсы алынды.

Таң алакөлеңкесімен мешітке ағылған жұрт мемлекеттік мерекеде ғибадат пен мәдениет үйі болған орынға асықты. Аягөз ауданы имамы Думан Нәдірұлы Құрбан айттың құндылықтары жайлы уағыз – насихат айтып, «Нұр – Астана» мешітінен муфти хазіретпен наиб муфти сыйы болған алқызыл кілемнің үстінде айт намазы оқылды.

Айт намазынан соң көпшілік хабардар болған «Қазақ хандығының 550 жылдығы» «Дін мен дәстүр» жылының аясында, ата-бабамыздың төл мейрамы болып кеткен қасиетті Құрбан айтты ұрпаққа насихаттау мақсатында өткізілетін мерекелік іс-шараны Аягөз мешіті ұйытқысымен, көпшілік қолдауымен болатын жиынға асығып, орталық ипподромға ағылды. Дүбірлі той, ат жарыс делбезені қоздырып, көпшілік Алла нұры себелеген жауынға қарамай аламан бәйгені тамашалауға кірісіп кетті.

Ұлттық ойындар, аударыспақ, қой, тайынша көтеру, тазы жүгірту, құнан, тай жарысы мерекенің ажарын аша түсті. Бас жүлдеге мотоцикл сонымен қатар тоңазытқыш, теледидарлар, кір жуатын машина, өгіздер, тай, қойлар,шаңсорғыш, ең соңы ұялы телефондар ел-жұртын сүйер, қазағым деген мешіт жанашыры болған азаматтар тарапынан тиісті иелеріне табысетілді. Түстен кейін мешіт хатымханасында ас беріліп, алғыс хат-марапаттар мешіт жанашырларына беріліп, ел-жұрт амандығында келесі жылғы айт мерекелеріне аман-есен жетуге тілек тіленіп, ақсақалдар бата берді.

 

Аягөз қалалық мешітінің

баспасөз қызметі. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру