Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық төрінде "Құрбан"айт тойланды (ФОТО)

25.09.2015 3108 0 пікір

Қасиетті Құрбан айт  намазы Ақжайық төрінде таңғы сағат 08:00-де оқылды. Айт намазына келген жамағатты ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам Руслан қажы Сұлтанов пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мұсылмандардың төл мерекесі – Құрбан айт күнімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Жиналған жамағатқа өкіл имам Руслан Тыныштықұлы "Айт" намазы жайында түсіндіріп, құрбан шалудың маңызына  ерекше тоқталды.

Қасиетті  ұлық  мерекеде айт намазынан соң  "Ақсақалдар"  алқасының орынбасары  Ғұмар Құрақов  ақ  батасын беріп,   көпшілік  қауымға дұға жасады.  Жиналған қауымға діни кітаптар тегін берілді.

Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының атынан  ірі қара құрбандыққа шалынып, қасиетті құран кәрімді  облыс имамы оқып, дұға жасады.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев пен өкіл имам Руслан Сұлтанов  құрбандыққа шалынатын орынға арнайы келіп, сатылып жатқан малдың  бағасы тұрақты екенін қадағалап, ризашылықтарын білдірді.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі саналы ғұмырында рухани тірек болған асыл дініміздегі айтулы мереке – Құрбан айт мейрамы ерекше өтіп, ұлтттар мен ұлыстарды бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге бастаған мүбәрак мейрам – Құрбан айт құтты болсын!

Мүбәрак мейрамның құрметі үшін барша жамағатқа,  иманды азаматтарға мүгедектер, жетімдер мен жесірлер, әсіресе қараусыз қалған ата-аналарға қайырымдылық жасалды

Алла Тағала дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымызды және шалған құрбандықтарымызды қабыл етіп, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін, исі мұсылман жамағат!

 

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру