Ауызбіршілік пен бауырмалдыққа баулитын мүбәрәк мереке Құрбан айт та табалдырығымыздан аттады. Бұл күндегі жасаған әр ізгілікті амалдың Жаратушы иемізге бір табан болсын жақындататыны ақиқат. «Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес. Бұл күні күллі мұсылмандар құрбандық шалып, ағайын-туысты мерекелерімін құттықтап, ренжіскен бауырлар татуласып мұсылманшылдық бауырмалдықты күшейтеді.


Әкім мерекемен құттықтады
24-қыркүйек. Атырау жұртшылығы да ұлық мерекенің алғашқы күні таң сәресімен мешітке келіп, айт намазын оқуға асықты. Мешітке қарай бет алған жамағаттың санының шексіз болғаны сонша, ине шаншыр орын болмады.
Орталық "Иманғали" мешітіне жиылған жамағат алдымен уағыз тыңдап, бұл күннің қадір-қасиеті туралы мол мағлұматқа сусындады. Осынау қасиетті мерекемен өз жұртын құттықтау үшін облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов келіп, барша атыраулықтарды айтулы датамен құттықтап, елімізге баянды бақ, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын, Мәңгілік Қазақ елінің көк туы көк аспанымызда қалықтай беруін тіледі.

Құрбан - қайырымдылыққа шақырады
ҚМДБ-ның Атырау облысындағы өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров Алла жолында сауапты іс жасауға шақыратын Құрбан айт мерекесінің мән-маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, атаулы мүбәрәк мереке де Алланың разылығы үшін құрбандық шалып, жоқ-жітіктерді тамақтандырып, мұқтаждардың жыртығын жамауға шақырды. Ал, айт намазы аяқталысымен барша жамағат бір-бірімен төс қағысып, мерекелерімен құттықтады. Одан әрі орталық мешіттің ауласында жамағаттар құрбандықтарын шалды.
Спорттық ойындар ұлықталды
Сонымен бірге мешіт алаңында "Иманғали" орталық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында ұттық ойындарымыз ұлықталды. Арқан тартыс, гір тасын көтеру мен қол және қазақша күрес сынды спорттық ойындарымыздан жарыстар болды. Бұл жарыстың мақсаты біреу-ақ, жамағат арасындағы бауырластықты нығайту. Спорттық жарысқа ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Берденұлы қатысып, алдымен барша жамағатты Құрбан айтпен құттықтай келе, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Жарыстың соңында жеңімпаздарды мешіт тарапынан бекітілген бағалы сыйлықтармен табыстады.





Балалар ерекше қуанған күн
Әрбір сәбидің қуанышы, мына әлемді одан бетер нұрландырып тұратындай. Оларға шатық сыйлағанның өзі үлкен қуаныш. Сәбилерге қуаныш сыйлау үшін ұйымдастырушылар мешіт ауласында сәбилерге арнап батуттар мен әткеншектер құрды. Құрбан айт тойлауға келген кішкене сәбилерде өзеріне арналған тегін ойын алаңдарына емен-жарқын ойнап, мешіт ішін қызықтады.



«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.09.2015
3346
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру