Міне Ислам үмбетінің көптен сағына күткен «Құрбан айт» мерекесі де келіп жетті. Күллі мұсылман әлемі осынау үлкен мейрамды қуана қарсалуда. Оңтүстік Қазақстан жұртшылығы да осы әлемнің бір бөлігі ретінде ұлы мерекені шаттанып атап өтті.
Алдымен қуанышты іс-шара әдеттегідей «Айт намазын» оқудан басталды. Облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов бастаған мәртебелі қонақтар «Айт намазына» қатысып, жамағатты шын жүректен «Құрбан айт» мерекесімен құттықтады. Бейбіт Бәкірұлы намазға жиылған халыққа Жаратушы Иемізден ынтымақ-бірлік пен ырыс-береке тіледі.
Облыстың Бас имамы А. Керімбек Хақ Тағаладан бейбіт өмірдің жалғасуын және тәуелсіздіктің баянды болуы үшін дұға етіп, елге айт мейрамында кешірімді болу турасында насихат айтты. Содан-соң облыс әкімі және облыстың Бас имамы ірі қара малдың құрбандыққа шалыну рәсіміне қатысып, арнайы жайылған айт дастарханынан дәм татты.
Ал намазға келген жамағат ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілділігінің ұйымдастырған мерекелік іс-шараларды тамашалап, түрлі сайыстарға қатысты. Атап айтқанда: Қол күрес, кір көтеру және қошқар көтеруден спорттық жарыстар өтті. Бұдан негізгі мақсат «Құрбан айт» мерекесін көтеріңкі көңіл-күймен өткізу болып табылады. Себебі бұл мейрам мұсыман үшін екі ұлық мейрамның бірі.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілділігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.09.2015
3399
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру