Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Құрбан айтқа арналған бірқатар шаралар өтті. Айт намазына жиналған көпшіліктің қуанышын бөлісуге келген облыс әкімі Алик Айдарбаев мұсылман жұртшылығын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Айт намазынан соң, бір бірін жамыраса құттықтаған мұсылмандар мешіт жанына тігілген киіз үйлерден дәм татты. Құрбандық сойылып, қазан асылды. Пайғамбарымыз Мұхаммед: "Алланың құзырында күндердің ең ұлығы Құрбандық күні" деп айтқандай, мұсылман халқының ең үлкен рәсімі ерекше қуанышпен тойланып жатты. Мұқтаждар мен жетім жесірлерге құрбандық еттері таратылды.
Күндердің ең абзалында мәре сәре болған көңіл күймен жүрген жұртшылық мейрам құрметіне арнайы ұйымдастырылған спорттық шараларға белсене қатысты.
Атаулы күн Ақтау қалалық мешітінде де, барлық аудандық мешіттерде де тойланды. Өз аймақтарында тұратын көп балалы жанұялар мен мұқтаж отбасыларға құрбандық еттері берілді. Барлық мешітте мерекелік ойын сауық ұйымдастырылып, тұрғындар мерекені сезініп шаттанды.
Осылайша мұсылман қауымының төл мерекесі Маңғыстауда кеңінен аталып өтті.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.09.2015
3330
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру