Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт Семейде (ФОТО)

25.09.2015 3199 0 пікір

Ислам әлемі аңсай күтетін атаулы мерекелердің бірегейі –Құрбан айт. Асыл дінімізде бұл айтулы мерекенің алар орны ерекше. Қасиетті Құрбан айт барша мұсылманның  бірлігін күшейтіп, өзара бауырластықты арттырады.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреті «Дін мен дәстүр»  аясында  Құрбан айтты ұлттық нақышта атап өтуді бекіткен болатын. Ұлық мерекені  Семей орталық мешіті Семей халқымен бірге  атап өтті.

Семей аймағы бойынша өкіл имам, Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің бас имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы ең алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Құрбан айт мерекесіне арналған сәлемін жолдады. «Ұлық мереке-Құрбан айт»  тақырыбымен мазмұнға толы уағыздар жүргізді. Әсерлі уағыздан соң Құрбан айттың қасиеттері мен айтта орындайтын ізгі амалдарды кеңінен түсіндіріп айтып өтті.  Сонымен қатар, « Құрметті жамағат, Алла Тағаламыз жасаған жақсылықтарыңызды, ақ ниеттеріңіз бен шынай пейілдеріңізді, шалған құрбандықтарыңызды қабыл етіп, мақсат-мұраттарыңызды асыл еткей. Алла Тағала Отанымызға әрқашан береке-бірлік берсін, отбасыларыңызға амандық, саулықты нәсіп еткей. Алла Тағала айттан айтқа аман-есен жетуге жазсын.» - деген ізгі тілегін білдіріп,  құран бағышталды. 

Айттың бірінші күні облыстық мешітте айт намазына Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы қатысып,  барша мұсылман қауымды айтулы мерекемен құттықтаса, Намаздан кейін қала әкімі Ермак Бидахметұлы  бір қой малын құрбандыққа шалды.

Семей орталық мешітте шалынған құрбан еттерін көп балалы отбасылар, жетімдер үйі мен жағдайы төмен отбасыларға үлестіріліп, таратылды.

 

Семей Қос мұнаралы орталық

мешітінің баспасөз қызметі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру