Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс әкімі айт намазда (ФОТО)

25.09.2015 3107 0 пікір

Алматы облысы орталығы Талдықорған қаласы жұртшылығы таң атысымен орталық «Иман» мешітіне лық толды. Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының уағызын тыңдауға және мешіт жамағатын құттықтауға арнайы келген облыс әкімі Амандық Батталов «Ислам дінінде ерекше орын алған Құрбан айт мейрамы береке-бірлік, бейбітшлік пен қоғам дамуына ықпалы зор» екенін айтты. Облыс әкімі жастардың ғинаятты, қариялардың ынсапты, әйелдердің ибалы болып, дін мен дәстүріміздің ұштаса, қоғамның оң дамуына тілегін білдірді. Құрбан айт намазында бас имам Серікхан қажы Рымханұлы Аллаға шүкірлік айтып, такбирмен Алланы ұлықтап, еліміздің амандығын, тәуелсіздігіміздің тыныштығын тілеп, дұға етумен аяқтады.

Облыс әкімі айт намазы бітісімен, мешіт ауласындағы құрбандық шалуға арнайы дайындалған орынға барып, елдің тыныштығын, амандығын тілеп Аллаға арнап құрбандығын шалған соң, мешітте жайылған айттық дастарқанға қонақ болды. Дастарқан басында өкіл имам облыс әкіміне Құран силап, дін мен мешітке әрдайым қамқорлығын аямай жүріп, жанашырлығы үшін алғысын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру