Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы Орталық мешітіндегі Құрбан айт мерекесі (ФОТО)

24.09.2015 3622 0 пікір

Қасиетті Құрбан айт  намазы Алматы қаласы бойынша таңғы сағат 07:30-да оқылды. Айт намазына келген жамағатты Бас имам Нұрбек қажы Есмағанбет пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек мұсылмандардың төл мерекесі – Құрбан айт күнімен құттықтады.

Құлшылыққа келген жеті жасар баладан жетпістегі қарияға дейін Алладан алақан жайып, еліміздің амандығын сұрап, бір-бірін мерекемен құттықтады. Мереке соңы  қазақтың ұлттық ойындарына  ұласты. Мешітке келген қалың  жамағат арқан тартысып, кір тасын көтеріп, қол күрестен  өзара сынға түсті. Жас-жасамысы  түгелдерлігі асық атып, мерекелік  көңіл  күй  сыйлады. Арнайы ұйымдастырылған шараға қатысқандарға мешіт ұжымы тарапынан жүлделі  сый-сыйапаттар  табысталды.

Қасиетті  ұлық  мереке  соңы  мешіт  алаңы  ақсақалдардың  ақ  батасы  мен  көпшілік  қауым  дұғасымен  күннің  шуақты  нұрына  бөленді. Алла  келер  жылғы  Құрбан  айт  күндеріне  аман-есен  жетуімізді   баршамызға  нәсіп  етсін!

Алматы Орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру