Құрбан айт мейрамы алдында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров «Жайық-Ақпарат» баспасөз орталығында жергілікті баспасөз өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуде өңір имамы Құрбан айт мейрамының қадір-қасиетіне, құрбан малын шалудың шариғаттағы үкімдері мен талаптарына тоқталды. Сонымен қатар өкілдіктің ұйымдастыруымен өткізілетін мерекелік шаралармен бөлісті. Құрбан айт күні «Иманғали» орталық мешітінде салтымызбен сабақтасқан ұлттық ойындар өтетіндігін де атап кетті.
Сондай-ақ өкіл имам Батыржан Берденұлы «Құрбан малына қосыл!» шарасы аясында шалынған құрбан еттері аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға, көп балалы жанұяларға үлестірілетіндігін жеткізді. Баспасөз соңында аймақ журналистері Құрбан айт төңірегінде жан-жақты сауалдарын қойып, бас имам тарапынан тұщымды жауаптарын алды.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.09.2015
3396
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру