Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медальмен марапатталды

23.09.2015 3280 0 пікір

Өздеріңізге белгілі, биыл елімізде ҚР Конституциясының 20 жылдығы салтанатты түрде аталып өтіп, осы мерекеге орай бірнеше қоғам қайраткерлері "ҚР Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.

Осындай марапатқа ие болғандар қатарында аймағымыздың дін саласына еңбегі сіңіп жүрген имамдарда баршылық.

Аталмыш медальмен ҚР Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығына сәйкес Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Тілеубергенов  Алпамыс та марапатталды.

А.Тілеубергенов Қызылорда өңірінде еңбек ете жүріп, тұрғындарды имандылыққа шақыруда, асыл дініміздің өркен жаюына аянбай абыройлы еңбек етіп, өз үлесін қосты.

Аталған марапатты Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Б.Камалов және ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы табыстады.

Табыстай келе А.Тілеубергеновтың Сыр өңіріндегі Ислам дінінің өркендеуіне қосқан үлесіне ризашылығын білдіріп, алдағы қызметіне табыстар тіледі.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру