ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті қала тұрғындарына, жастарға және білім беру мекемелерінің мамандарына арналған жиын өткізді.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өткен жиынның негізгі мақсаты - Астана қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізілген І-Республикалық имамдар форумында қабылданған Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын насихаттау болды.
Тұғырнаманы қабылдаудағы көздеген негізгі мақсат – Қазақстан мұсылмандарының өзге дін өкілдерімен, дін жолын ұстанбайтындармен ынтымақтастықта тіршілік етіп, ұлтаралық және конфессиялық тұрақтылықты сақтай келе, аталған үдірістерді нығайту, сақтау және күнделікті қызыметте басшылыққа алу сияқты қағидаларды нығайту екендігі осыған дейін де айтылған болатын.
Шараға қатысушылар бүгінгі таңдағы аймақтағы дін саласындағы атқарылған шаралар мен алға қойған жоспарлар туралы ойларын ашық айтып, пікірлерін жеткізді.
Жиында одан бөлек форумда қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты тәлімдік құжаттар да тілге тиек болды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.09.2015
2950
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру