Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак студенттері бамперболдан чемпион атанды (ФОТО)

22.09.2015 3705 0 пікір

Алматыдағы жоғары оқу орындары арасындағы түрлі сайыстардың биылғы оқу жылындағы беташарын  бампербол бастап берді. 16 команда арасынан Нұр-Мүбарак университетінің студенттері байрақты бәсекеде алдына жан салмады.

Аты бейтаныс, заты да қызық бұл сайыс туралы естігеніңіз бар ма? Яғни, бампербол (bumper ball) дегеніміз не?

Естімесеңіз, таң қалмаймыз. Өйткені, арнайы үрленген шарды киіп алып футбол ойнайтын бұл ойын небәрі осыдан 4 жыл бұрын 2011 жылы пайда болған. Кәдімгі футболды түрлендірмек болған норвегиялық қос азамат Хэнрик Элвестада мен Йохана Голден  ойлап тапқан ойын TV2 телеарнасында «Алтын гол»  телешоуында көрсетіліп, әлемге әйгілі болды. Ойыншы тізеден жоғары түссіз полиэтеленнен жасалған шарды  киіп, допты қарсыластарының қақпасына салу керек. Ойынның қызығы сол допқа таласқан ойыншылардың үстіне киген қорғаныш шары бір-бірімен соқтығысып құлап жатса, енді бірінде өздері доп секілді шыр айналады. Бампербол ерекшелігі, ойыншы жерге құлап, қанша доп секілді аунап жатса да зақымданбайтын көрінеді.

Футболдың осындай шардағы түрі соңғы кезде әлемде кең тарап, ол  Алматы қаласында 2014 жылы ұйымдастырыла бастады. Ал биылғы жаңа оқу жылын бампербол бәйгесімен бастаған ҚазҰТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тұран университеті, АТУ және т.б. оқу орындарынан өзге «Жайдарман», Алматы қалалық жастар саясаты сұрақтары жөніндегі басқарма, барлығы 16 команда қатысты. Осынша бәсекелестік арасынан біліктілік пен шалымдылық танытқан Нұр-Мүбарак университетінің командасы бірінші орынды жеңіп алды.   

     Нұр-Мүбарак командасына жеңіс туы желбірей берсін демекпіз!

Айша КЕҢЕСБАЙ

Нұр-Мүбарак университетінің

баспасөз қызметі  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру