Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасапшыларға мал союдың шариғаттағы үкімі түсіндірілді

22.09.2015 3303 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жергілікті қасапшылармен кездесу ұйымдастырды.

Шараға "Халал" өнімдерін стандарттау бөлімінің Қызылорда облысы бойынша өкілі Садықов Жеңіс қатысты.

Қасапшыларға кездесу барысында Құрбан айт кезіндегі малды сою, шариғат жолымен сою бойынша және тазалық сақтау шаралары, арнайы орындардың болуы басты назарда екендігі жеткізілді.

Сонымен қатар, құрбандыққа шалынатын малға зәбір көрсетілмеу керек екендігі де ескертілді.

Одан бөлек қасапшылар мал союдың тәртібімен де жете таныстырылды.

Атап айтқанда: 

- мал сойылатын жердің тазалығы;

- малды ұрмай соқпай жеткізу;

- құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызылуы;

- пышақты малға қаратпай қайрау;

- «Бисмиллаһи Аллаһу Акбар» деп айту және одан да бөлек тазалық шаралары мен ережелері айтылды.

Кездесу соңында өкіл имам барлық қатысушыларды келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтап, еңбектеріне береке тіледі.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру