ОҚО Қазығұрт ауданы 1-мамыр ауылында «Тұрсынқұл ата» мешіті халыққа есіктерін айқара ашты.
Алланың бұл үйін жамағаттың игілігіне кәсіпкер Исмат Тұрсынқұлов деген азамат демеушілік етіп салып берді.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы А. Керімбек арнайы қатысып, жиналған 500-ге жуық халыққа уағыз айтып, мешітке Қасиетті Құран Кәрімді сыйға тартты.
Сонымен қатар мерейлі жиынға Қазығұрт ауданының Бас имамы Е.Полатов, аудандық маслихат хатшысы М.Момынов және бір топ ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілділігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.09.2015
3509
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру