Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАҚ өкілдеріне облыс имамы сұхбат берді

21.09.2015 2862 0 пікір

Облыстық "Қазақстан-Орал" телеарнасында  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы тікелей эфир арқылы "Құрбан" айт жайында сұхбат берді.

Оған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов, облыстық прокуратурасының бөлім бастығы Алмас Унаев , БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен облыстық орталық мешітінің бас имамы  Руслан Тыныштықұлы: Ақжайық жұртын келе жатқан "Құрбан" айт мерекесімен, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан құттықтап, ыстық сәлемін жолдады.

"Құрбан" айт жөнінде кеңінен тоқталып,  Дінбасымыз тапсырған облыс көлемінде атқарған төрт бағыт  бойынша жұмыстарға (асыл дінімізді насихаттау, жат ағымдармен жұмыс,  қайырымдылық,  сауат ашу курсы), медресе жайын тілге тиек етті.

Қазақтың батыры қызы Мәншүк Мәметова алаңында  Дінбасымыздың тапсырмасына сай ұлттық нақышта мерекелік шара өтеді. Қазақтың ойындары ойнатылып жас ұрпаққа  ұлықтап, ағайын-туысты құттықтап, ұлық мерекені жоғары деңгейде тойлауымыз керек, -деді өкіл имамы.

Көрермендер мен журналистердің сауалдарына  толықтай жауап берді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру