Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстан Мұсылмандарының Тұғырнамасын насихаттау жұмыстары жалғасуда

21.09.2015 3600 0 пікір

Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында облыстық орталық мешітінің  бас имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен "Қазақстан Мұсылмандарының Тұғырнамасын насихаттау"атты дөңгелек үстел болып өтті.

Оған облыстық, қалалық мешіттің имам-молдалары мен облыстық дін істері басқармасының бас маманы Мақсат Аралбайұлы, БАҚ өкілдері қатысты.

2015 жылдың 19 ақпанында ҚМДБ-сы тұңғыш рет Республикалық имамдар форымын өткізіп еліміз үшін өте маңызды төрт құжат қабылдап халыққа насихаттау жұмыстарын жүргізген болатын.

Алдымен Орал орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы жиналған қауымды келе жатқан "Құрбан"айт мерекесімен құттықтап, адамзаттың даму тарихында Ислам діні өзінің өміршеңдігін ғана емес, маңыздылығын, қасиеті мен қадірін танытудан танған емес.

Құранда: «Ей, мүминдер! Сендер Аллаға бойсұныңдар, Пайғамбарға бойсұныңдар әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де. Егер, бір нәрсе үстінде талас-тартыста қалсаңдар, Аллаға және пайғамбарға жүгініңдер. Егер сендер Аллаға, ақырет күніне сенетін болсаңдар, осылай істеу әрі қайырлы, әрі жақсы нәтижелі болмақ», делінген.

Жалпы, дін тақырыбы, діни мәселелер, діни даулар, діни шешімдер қай кезеңде болмасын қоғам үшін маңыздылығын жоймайтыны белгілі. Ұстанып қана қоймай, діни руханиятына орай сол қоғамның өмір сүру қағидаты, болашағы айқындалып отыр.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дін – Алла Тағаланың және оның Пайғамбарының, мұсылмандардың имамдары және барша мұсылмандар жолындағы насихат» деп бекер айтпаса керек.

Алайда, заман ағымы діни тақырыптың өзектілігін уақыт өткен сайын күрделендіріп, әрі жаңартып отыруды талап етіп келеді.

Қазақтың данышпан Абайы айтқандай «Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер» деген анықтаманың дәлелі осы заманғы діни бағытқа қойылатын талаптарды туындатады.

Бүгін әлемдік деңгейде кейбір мемлекеттерде орын алып отырған жанжалдарды ескерер болсақ, қазақ елінің басына қонған бақ пен береке, ішкі тыныштығымыз баға жетпес байлығымыз деп санағанымыз абзал.

Қазақтың осындай бірлікте болуы, оның басты құндылығы – мұсылмандығы.

Мұсылмандығымызды сақтай отырып, бірнеше ұлт өкілдерін бір шаңыраққа жұмылдырып, ұлтаралық тұрақтылықты сақтаудағы ұстанымымыз да ел бірлігіне кепіл болуда.

Мемлекеттің басты бағытын, саяси үдерісі мен Елбасының салиқалы саясатын ұғына білген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы да өз кезегінде еліміздегі діни тұрақтылықты сақтап, зайырлы қоғам талабына сай діни қызметкерлер көшін тәрбиелеп, қоғамда қалыптасқан қағидаттарды діни тұрғыда ұстана білуге зор ықпалын тигізуде.

Сахль ибн Абдуллаһ әт-Тустари: «Адамдар мұсылман әмірлері мен ғалымдарын көтермелеп тұрғанша игілікте болуын тоқтатпайды. Егер олар (басшыларды) құрметтесе, Алла олардың дүние тіршілігін және болашақ (Ақыреттегі) өмірін тәртіпке келтіреді, ал егер (басшыларды) елемесе, онда олар өздерінің бұл дүние тіршілігі мен болашақ өмірін опат етеді»,-депті.

Демек, ел имамдарын бір бағытқа жұмылдыруға шақырған басшының талабы орындалса тәртіптің орнағаны.

Оның бір дәлелі ретінде «Қазақстан Мұсылмандарының Тұғырнамасын»  атауға болады,-деп кеңінен түсіндіріп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Облыстық дін істері басқармасының  бас маманы Мақсат Романқұлов пен Орал қалалық мешітінің найб имамы тұғырмана турасында өз пікірлерін айтып жеткізді.

Осы Тұғырнамадан туындаған тәлімде имамның тұлғалық келбетіне тән болуы тиіс діндарлық, шынайылық, адалдық, білімділік, сабырлылық, мейірімділік, кішіпейілділік, отансүйгіштік, шешендік, жан-жақтылық секілді қасиеттерді бойына жинаған имам елге, халқына, жамағатына да осы жақсылықтарды сіңіруге атсалысатыны аян.

Бас мүфти, Ержан қажы Малғажыұлының көрегендігі мен еліне еңбек ету жолындағы жауапкершілігі арқасында дін қызметкерлерінің білім деңгейі ғана емес, имамдық тұлғасы қалыптасуына да зор ықпал жасалуда. Осындай игі бастама әліде болса  өз жазғасын таппақ.

Бас имам журналисттердің сауалдарына жауап берді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру