Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

6 күнде 60 кездесу ұйымдастырылды

21.09.2015 3115 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті 6 күнде 60 кездесу айдарымен облысқа қарасты қала, аудан, ауылдық округтерде кездесулер ұйымдастырды.

Кездесулердің басты мақсаты – мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге Ислам дінінің құндылығын, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану бағыттары туралы ақпараттар беру болды.

Арнайы құрылған ақпараттық насихаттық топ мүшелері құрамында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы, аталмыш мешіттің найб имамы Улжаев Бақыт, мешіт ұстазы, найб имам Гаджиев Мұхтар және қала имамдары болды.

Мешіт имамдары ауданның шет аймақтарында орналасқан ауылдық округтерде де болып, уағыз айтылмаған ауыл қалмасын ұранын ұстанып, насихаттарын жүргізді.

Өз кезегінде кездесулерге қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Қатысушылар имамдарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерін бар ынтасымен тыңдады.

Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру