Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасапшыларға арналған отырыс болып өтті

21.09.2015 3098 0 пікір

Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов "Қасапшылармен" жиналыс өткізді.

Оған облыс, қала имамдары, қасапшылар, медресе шәкірттері қатысты.

Алдымен облыс имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, баршасын "Құрбан" айт мерекесімен құттықтады. Одан кейін Орал қалалық мешітінің наиб имамы, "Халал" өнімдерін стандарттау бөлімінің БҚО бойынша өкілі Наурыз Убаев "Малды шариғат жолымен сою үкімі" жайында дәріс оқып: «Кез келген істің дұрысын айқындап беретін, рухани тазалығымен қатар тән тазалығын, деннің саулығын қамтыған Ислам шариғаты әрбір мұсылманның өмірлік ұстанымы болуы тиіс. «Ауру астан» деген халқымыздың екі ауыз ұлағатты сөзі заманауи медицинамен нақтылануда және шариғатымыздың асқа қоятын талаптары заманауи медицинамен құпталып жатыр. Бұл да шариғат ережелерін бекем ұстануымызға тағы бір негізгі себеп болып табылады» -деді. 

Шара соңында облыс имамы қасапшыларға келген жамағатпен сыпайы да, жылы жүзді болуға шақырды.

 Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру