Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін істері комитеті өкілінің Семей аймағына іс сапары

18.09.2015 3195 0 пікір

Дін істері комитетінің өкілі, комитет тарапынан құрылған республикалық ақпараттық-насихаттық топтын мүшесі Нұрғали Қабылов, Семей аймағына жұмыс сапарымен келіп, бір қатар нысандарды аралады.

Жұмыс барысында қаламыздың Орталық мешітінде имам-молдалардың қоғамдық пікір қалыптасуына әсер ете алатын тұлғалар екенін айтып, қызмет бабындағы кейбір мәселелерге тоқталып өтіп, имамдардың жауапкершілігін ерекше атап өтті. Оның ішінде «Имамның тұлғалық келбеті» атты құжаттағы мәселелерге жеке тоқтап, осы құжаттар аясында қызмет етуге шақырды.

Дін істері комитетінің өкілі, Нұрғали Қабылов сөзін жалғастыра келе, еліміздегі мешіттердің біреуі жат ағымдардың қарамағына өтпей, баршасы ҚМДБ аясында жұмыс істеп жатқандығын айтып, бұл жетістік имамдардың қажырлы еңбегінің себебінен екенін айтып, дін қызметкерлеріне өз алғысын білдірді. 

Кездесу барысында имамдар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

 

Семей Қос мұнаралы орталық

мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру