17-қыркүйек күні Павлодар қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Даланың тамырлы тарихы» қалалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға облыс, қала, аудан басшылары, зиялы қауым өкілдері, студентер, жастар қатысты. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Артықбаев Жамбыл Омарұлы, Нұрбай Қайырболат Жакенұлы, Ермұратов Ғани Жұмабайұлы, Бекен Сағындықұлы қатарлы ғалымдар ұлтымыз бен мемлекетіміздің тарихына байланысты әртүрлі тақырыптарда баяндамалар оқыды.
Аталмыш ғылыми конференцияда ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Амантай Тойшыбайұлы «Қазақ хандығы дәуіріндегі Ислам діні» тақырыбында арнайы баяндама қойды. Амантай Тойшыбайұлы өз баяндамасында Мәшһүр Жүсіп бабамыздың еңбектеріндегі «...түркілер исламды Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір сүрген дәуірінде қабылдай бастаған екен. Сол кезде түріктер исламмен таныс бола бастаған. 92 рудың бір-бір өкілі шығып, ислам діні туралы естіп, бәрі жиналып Араб түбегіне сапар шекті дейді. Біз түрік деген халықпыз, ...Оғыз қағанның үмбетіміз деген. Сонда Пайғамбарымыз олардың сәлемін қабыл алды дейді»,-деген деректерді келтіре отырып сонау Қарахан дәуірі, Шыңғыс хан заманы, Қазақ хандығы дәуірлері, жоңғар шапқыншылығы, ресей бодандығы, кеңес өкіметі тұсына дейінгі ұлтымыз тарихында ислам діні дәстүріміздің алтын діңгегі, мәдениетіміздің бөлінбес бөлшегі болып келгені туралы толық қамтып, конференция мінберінен баяндады.
Баяндамалар құрастырылған арнайы жинақ кітабы конференцияға қатысқан зиялы қауым өкілдеріне таратылды.
Айбек ОРАЛХАНОВ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.09.2015
4047
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру