Талдықорғанда имамдар мен мемлекеттік қызметкерлер арасында Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына арналған спорттық турнир өтті. Додаға 6 команда (Облыстық Дін істері басқармасы, «Иман» мешіті, «Нұр» мешіті, «Еркін» мешіті» «Жетісу» мешіті, «Керімбек би» мешіті) спорттың 4 түрі (волейбол, гір көтеру, қол күресу, арқан тартыс) бойынша сынға түсті.
Осымен, Талдықорғандағы имамдар арасындағы спартакиада биыл 3-ші рет ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат бұқаралық спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу. Жарыс бағдарламасына енген спорт түрлері ішіндегі ең тартысты ойын волейболдан өтті. Алты команда өзара екі топқа бөлініп, кім мықтыны анықтады. Бұл сында "Иман" мешітінің имамдары мен жамағатынан құрылған команда үздіктер санатында болған. Бұл ұжым аймақтық сайыстарда жүлдегер атанған. Мамандар осы турнирде де облыстың бас командасын жақсы ойыншылармен толықтыруды көздейді. Ондағы мақсат, жыл аяғында болатын мешіт қызметкерлері арасындағы ел чемпионатында жеңіске жету.
Жарыстың жалпы командалық есеп бойынша 1-орынға «Еркін» мешіті алған болса, 2-орын «Иман» мешітінің иелігінде болды, ал, 3-орынды «Нұр» мешіті иеленді.
Ұйымдастырушылар осындай спорттық шараларды алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіп тұрмақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.09.2015
3624
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру