Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Екі айлық курс басталды

15.09.2015 3348 0 пікір

Дана халқымыз «оқу инемен құдық қазғандай»,  деп ілім алудың қаншалықты қиын және маңызды екенін басып айтқан. Сонымен бірге, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім білім іздеу жолына түссе, Алла Тағала оған сол арқылы жәннатқа бару жолын жеңілдетеді», деген хадисі болса, Қасиетті Құран кәрімнің де алғашқы аяты «Оқы» деп келген болатын. Яғни, асыл дініміз үшін де білімнің маңызы жоғары.

Жылдағы дәстүр бойынша «Иманғали» орталық мешітінің жанынан ашылған медреседе 2 айлық  сауат ашу курсы басталды. Курстың мақсаты шалғай аудан мен ауылдарда ілім іздеу жолында құлшынысы жоғары, Құран жаттауға және шариғаттың үкімдерін толық үйренгісі келіп жүрген жандарды сауаттандыру. Аталмыш жиынға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров, «Әт-тақуа» мешітінің бас имамы Ө.Тілеуов,  дінтанушы Қ.Жұмағұл мен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы басшысының орынбасары А.Аташевтар қатысты. Алғашқы екі айлық сауат ашу курсына аудан мен ауылдардан 20-ға жуық шәкірт қабылданды. Екі айлық курсты тәмәмдаған шәкірттерге мешіт тарапынан сертификаттар табысталатын болады.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру