Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылар қажылық сапарына аттанды

15.09.2015 3325 0 пікір

Барша мұсылман баласына Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Оның жолына шамасы келген кісілер Алла үшін Қағбаны зиярат етуге (қажылық жасауға) міндетті. Ал кім қарсы келсе, Алла әлемдерге мұқтаж емес» («Әли Имран» сүресі, 97-аят), – деп бұйырады. Қасиетті аятта анық айтылғандай қажылық дәулеті мен байлығы жететін барша мүмін баласына міндет екені анық.

Қажылық айлары: Шәууәл, Зулқағда және Зулхижжа айының алғашқы он күні әлемнің түкпір-түкпірінен қажылар Алланың қасиетті мекенінде бас қосып, Ұлы Раббымызға құлшылық етеді. Аталмыш айда мұсылман үмметі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жаратқаннан уахи түскен мекенге ағылуда. Осы мақсатта ұлық мекенге биыл Оңтүстік Қазақстан облысының жамағаты да қасиетті сапарға аттанды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы А.Керімбек және бірнеше имамдар ұлы қажылық сапарға аттанған қажыларымызды шығарып салуға қатысты. Өкіл имам ізгі тілек білдіріп , дұға етті. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру