ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен Орал қалалық әкімдіктің қолдауымен қалалық әкімшіліктің үлкен залында «Құрбан» айттың дайындық жұмыстары пысықталды.
Бұл шараға облыстық дін істері басқармасының өкілдері, қалалық әкімшіліктің қызметкерлері, жол полициясы мен құқық қорғау саласының мамандары қатысты.
Алдымен облыс имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып: жиналғанды келе жатқан ұлық мереке «Құрбан» айт мерекесімен құттықтады. Құрбан-араб тіліндегі «жақындау» дегенді білдіреді. Жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Алла Тағалаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күн) шалынатын мал «ұдхия» деп аталады,- деп кеңінен түсіндіріп, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Одан кейін мал соятын орын, тазалық жұмыстарына, тәртіп мәселесіне жете мән берілді.
Өткен жылы жақсы өтсе, биылда өте жақсы өту керектігін баса айтып, Орал қаласының ортасынан қазақтың киіз үйі тігіліп, ұлттық нақышқа өтіп, қазақтың алтыбақан, асық ату, қазақша күрес, гір тасын тасын көтеру, білек сынасу т.б. ойындар ойналып ұрпағымызға ұлықтап, келген қонақтарға дәм ұсынып, жетім балаларға, отбасы төмен жандарға, қарттар үйіне сойылған мал еттерін жеткізіп беріп, сәбилерге сыйлықтар тарту етіп, ағайын-туысқандарды арнайы құттықтап, ақ тілектерімізді жеткізейік,-деді өкіл имам.
Жиналған сауалдарын жолдап, тұщымды пікірлер айтылып, жиналғандарға «Құрбан айт-құтты мереке» атты кітапшаларды тегін таратты.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.09.2015
3343
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру