Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Деректі фильмнің тұсаукесері өтті

11.09.2015 3227 0 пікір

Жуырда Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің кітапханасында қазақтың ұлы ойшылы, философ, тарихшы, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Деректі фильм «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» деп аталады. Фильмнің режиссері, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының иегері, халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының бас директоры Доқтырхан Тұрлыбек. Деректі фильмнің тұсаукесеріне Павлодар қаласының зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мәдениет саласының қызметшілері, журналистер және ата-апалар, Мәшһүр Жүсіп бабамыздың ұрпақтары қатысты. Сонымен қатар «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің имамдары, қызметшілері де фильмді тамашалады.

Деректі фильмді тамашалаған доктор,профессор А.Тұрышев, жазушы журналист Ф.Бықай, С.Байбосындар өз пікір-ұсыныстарымен сын ескертпелерін айта келе фильмге жақсы баға берді. Соңында ҚМДБ-ның «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Н.Исенов фильм авторына қасиетті Құран кітабын «Алғыс хатпен» қоса табыс етіп, арнайы дастархан жайып құрмет көрсетті. Автор фильмнің бір данасын «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне сыйға тартты.

Деректі фильм режиссері Доқтырхан Тұрлыбектың айтуынша, Мәшһүр Жүсіп бабамыздың ғұмыры жайлы туынды Ташкентте түсірілді. 40 минуттық бейнебаянды түсіруге бес миллионға жуық қаражат кетті. Қаражататтың бір бөлігін зиялы қауым өкілдері мен ұрпақтары бөлсе ал негізгі бөлігін өз мойынымызбен көтердік. Осы жолы фильмнің тұсаукесері барысында жаңадан ойлар келді. Мәшһүр Жүсіп бабамыздың шығармашылығы мен өмірін зерттеумен айналысып жүрген ғалым-жазушылардың пікірін қосуды жөн санадым. Келер жылы деректі фильмді толықтыру жұмыстарын бастаймын. Нақтырақ айтқанда, философтың еңбек еткен жерлерін де бейнебаянда қамту жұмыстары қарастырылады. Осы мақсатта түсірілім Омбы, Қазан қалаларында жалғасын таппақ, - деді. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру