Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақпараттық насихаттық топ аудандарда

11.09.2015 3164 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті облыс аудандарына қарасты білім беретін оқу орындарындағы ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жалғастыруда.

Осындай кездесулердің бірі Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде өткізілді. Кездесуге ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров, қалалық «Қалмұхаммед Ишан» мешітінің бас имамы Н.Әбжанов және  колледж қызметкерлері мен ұстаздары және студенттер қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы – «Дін мен дәстүр» бағытында өрбіді. Өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы адамзат өмірінде дініміздің алатын орны мен қазақ халқының салт-дәстүрінің Ислам дінімен үндесуі турасында уағыз-насихатын айтты.

Кездесу барысында қатысушы жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптарын алды.

Осындай кездесулер облыстың барлық аймақтарында да жүргізілетін болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру