Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей қаласында рухани шара өтті

11.09.2015 3089 0 пікір

Семей қаласындағы Абай кітапханасында кітапхана қызметкерлері және жас оқырмандармен «Діні мен дәстүрі жарасқан азат елміз» атты кездесу өтті.

Кездесуге қатысқан Қос мұнаралы орталық мешіттің найб имамы Баешов Бекзат жас оқырмандарға исламдағы құрбан шалудың тарихы мен мән маңызы жайында кеңінен айтып түсіндірді.

Сонымен қатар, дініміздің құндылықтарына тоқталып, мұсылман баласының бойынан табылуы қажет жақсы мінез құлық жайында айтып өтті. Жас оқырмандар найб имамға өздерін мазалап жүрген көптеген сұрақтарын қойып жатты. Найб имам қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. 

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру