Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам ардагерлермен жүздесті (ФОТО)

11.09.2015 3186 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет қасиетті Құрбан айт қарсаңында «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері» қайрымдылық қоғамдық қоры ардагерлерімен жүздесті.

Басқосу барысында Нұрбек қажы Әуесханұлы ардагерлердің елімізге сіңірген еңбектерінің ерен екендігі, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына қосқан үлесі жайлы сөз етті.

Алматы орталық мешіті мен Зекет қоры бірігіп ардагерлерге сыйлық жасады. Аталмыш қор басшылығы дән риза болып, ізгі ниет пен ақ баталарын берді.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру